Қажетті құжаттар

Оқуға түсу үшін қажет құжаттар для поступления

Балтық елдерінің жоғарғы оқу орындарының кез келген оқуға түсу үшін келесі құжаттар қажет:

  • Балтық орталығының толтырылған тіркеу анкетасы. Онлайн немесе біздің офисте толтырылады
  • Төлқұжаттың көшірмес
  • Мөлшері 3,5*4,5 см. ақ фондағы цифрлық өңделмеген 5 фотография
  • Орта білім туралы құжаттың көшірмесі (колледждің немесе лицейдің дипломы немесе 11 сыныпты бітіргені туралы аттестат). Көшірме бағалар парағымен орыс немесе ағылшын тіліне аударылған болуға тиіс. Көшірме мен аударманы нотариалдық куәландыру және апостильдендіру қажет.
  • Магистратура бағдарламаларының абитуриенттеріне бағалар парағымен орыс немесе ағылшын тіліне аударылған бакалавр дәрежесі дипломының көшірмесін тапсыру қажет. Көшірме мен аударманы нотариалдық куәландыру және апостильдендіру қажет.
  • Докторантура бағдарламаларының абитуриенттеріне бағалар парағымен орыс немесе ағылшын тіліне аударылған бакалавр және магистр дәрежесінің дипломдарының көшірмесін тапсыру қажет. Көшірмелер мен аударманы нотариалдық куәландыру және апостильдендіру қажет.
  • Балтық елдеріне ауысуды жүзеге асыруға және оқуын жалғастыруға тілек білдірушілерге ағымдағы жоғарғы оқу орнында меңгерген пәндер туралы анықтама тапсыру қажет. Анықтамада әр пән бойынша сағаттардың немесе несиелік пункттердің саны мен пән бойынша алған бағасы көрсетілуге тиіс.

Оқу бағдарламасы мен жоғарғы оқу орнына қарай, абитуриенттерге уәждемелік хат пен түйіндеме (CV) тапсыру қажет болады.

Қарастыруға жіберілген құжаттар қайтарылмайды.

Contact form