Балтық жоғары білім беру жүйесі

Балтық елдеріндегі жоғарғы білім беру жүйесі

 

Әр студент шетелде білім алуды және оқуды армандайды. Бұл бөлімде сіз Балтық елдеріндегі білім беру туралы барынша толық ақпарат ала аласыз.

Балтық елдерінде білім беру 3 деңгейге бөлінеді:

Негізгі жалпы білім беру 9 жылға созылады, содан кейін оқушы өзінің таңдауы бойынша оқуын 12 жылға дейін жалғастыра алады.

Орта (толық) білім беру 2 түрге бөлінеді: жалпы орта (мектепте, не болмаса гимназияда 12 жыл оқу), кәсіптік орта (колледжде 3 жыл оқу және кәсіптік дәрежеге ие болу).

Балтық елдерінде орыс, ағылшын, неміс, белорусс, украин тілдерінде және басқа тілдерде оқуға мүмкіндік бар.

Балтық елдерінің жоғарғы оқу орындары деңгейі мен ұзақтығы әр түрлі оқуды ұсынады.

Жоғарғы оқу орындарының екі типі болады: университет және колледж.

Университетте білім беру үш деңгейлі: бірінші деңгей – бакалавриат, екінші деңгей – магистратура және үшінші деңгей – докторантура, ординатура немесе аспирантура. Сондай-ақ университеттерде ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізіледі.

Колледжде бірінші және екінші деңгейлерде жоғарғы білім берудің кәсіптік бағдарламалары зерделенеді:

Бірінші білім беру деңгейі екі жылға есептелген және онда 80 ДЖ беріледі. Бұл деңгей мамандықтардың жалпақ ауқымы бойынша мамандар дайындауға арналған. Оқуды бітіргеннен кейін студент бірінші жоғарғы кәсіптік білім беру деңгейінің дипломын алады.

Екінші білім беру деңгейі төрт жылға есептелген және онда 160 ДЖ беріледі. Оқуды бітіргеннен кейін студент екінші жоғарғы білім беру деңгейінің дипломын алады (Бакалавр).

Бакалавр дәрежесіне ие болу үшін 3 – 4 жыл оқу қажет (180-240 ECTS). Бакалавриатты бітіргеннен кейін түлек мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, жоғарғы білім талап етілетін орын алуына, не болмаса оқуын магистратурада жалғастыруына болады. Бакалавриатта күндізгі, сырттай және қашықтан оқу нысанында оқуға болады.

Магистратурада оқу 1 – 2,5 жылға созылады. Алынған магистр дәрежесі біршама жоғары лауазымдар мен еңбекақы деңгейіне үміткер болуға мүмкіндік береді, сондай-ақ докторантурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Оқу күндізгі және қашықтан оқу нысанында болуы мүмкін.

Магистратураны бітірген соң түлек бірқатар басымдықтарға ие болады:

  • Қызықтыратын ғылым саласында анағұрлым терең білімдер алу
  • Ғылыми-зерттеушілік қызметпен айналысу мүмкіндігі
  • Оқытушылық қызмет тәжірибесіне ие болу

Докторантурада оқу 3 жылға созылады. Бітірген соң түлектер белгілі бір салада ғылым докторының дәрежесін алады. Докторантура ғылым докторының ғылыми дәрежесіне үміткерлікке дайындайды. Оқу тек күндізгі нысанда.

Оқу нысандары

Күндізгі оқу нысаны – оқу, қашықтан және сырттай оқу нысанынан өзгешелігі, жұмыстан қол үзіп жүргізіледі. Оқу құрылымы студенттің оқытушымен жеке қатынасуына құрылады, бұл материалды сапалы меңгеруге және анағұрлым терең білімдер алуға көмектеседі. Күндізгі оқу нысанының студенттері лекцияларға, семинарларға қатысуға және практика өтуге міндетті.

Сырттай оқу нысаны – өз бойында өздігінен оқу мен күндізгі оқуды ұштастырады. Пәндердің басым бөлігін студенттер өз бетімен меңгереді. Сырттай оқу нысанының негізгі өзгешелігі оның ұзақтығы және жұмыс қызметін жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Сырттай оқу нысанының студенттері екі кезең оқиды. Алғашқы кезең – кіріспе лекциялар, оларда оқытушылар әдебиет тізімін, рефераттардың тақырыптарын, бақылау жұмыстарын және т.б. береді. Екінші кезең – емтихан сессиялары.

Қашықтан оқу нысаны – оқу қашықтықтан, Интернет-технологиялар құралдары мен басқа да интерактивті коммуникация құралдары арқылы жүреді. Қашықтан оқу нысанының негізгі өзгешелігі оқушының жеке оқу жоспарын өзі жасауы және оқытушымен келісуі болып табылады. Студент өзін оқытушыдан оны қызықтыратын мәселелер бойынша интернеттің, телефонның және т.б. көмегімен консультациялар ала алады. Қашықтан оқу нысанын бітіру туралы дипломның әдеттегі дипломнан ешқандай айырмашылығы жоқ.

Contact form