Емтихандар

Қабылдау емтихандары

 

Жоғарғы оқу орнына қарай абитуриенттерге келесі қабылдау емтихандарын тапсыру қажет болады:

• Ағылшын тілі (грамматикалық бөлім). Кез келген деңгейдің ағылшын тіліндегі бағдарламасының абитуриенттері тапсырады. Емтихан жазбаша сипатқа ие және абитуриенттің оқу, жазу машықтары мен грамматикалық базасын тексеруге арналған бірнеше бөлікке бөлінеді. Емтиханға 60 минут бөлінеді.

• Ағылшын тілінде сұхбаттасу. Собеседование на английском языке. Кез келген деңгейдің ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламасының абитуриенттері тапсырады. Интервьюдің негізгі бөлігі ағылшын тілі бойынша емтиханда жазылған шығарманың негізінде жүргізіледі. Ағылшын тілі бойынша емтихан күні өткізіледі.

• Орыс тіліндегі шығарма. Кез келген деңгейдің орыс тілінде оқытылатын бағдарламасының абитуриенттері тапсырады. Емтихан уақытында таңдауға екі тақырып ұсынылады, абитуриент олардың өзіне лайықтысын таңдай алады. Шығармаға 60 минут беріледі.

• Орыс тілінде сұхбаттасу. Собеседование на английском языке. Кез келген деңгейдің орыс тілінде оқытылатын бағдарламасының абитуриенттері тапсырады.

• Математика. Тек Рига Техникалық университетінің («Техникалық аударма» бағдарламасынан басқа), Көлік және байланысты институтының («Менеджмент» бағдарламасынан басқа), Лиепая университеті мен Гедиминас атындағы Вильнюс Техникалық университетінің бакалавр бағдарламасына абитуриенттер тапсырады. Емтихан тілі оқу бағдарламасының тіліне сәйкес (ағылшын немесе орыс тілі). Емтихан мектеп бағдарламасының және колледж бен лицей бағдарламасының тестілік форматындағы он тапсырмадан тұрады, олардың кем дегенде бесеуін дұрыс шешу қажет. Емтиханға 60 минут бөлінеді.

• Психологиялық тестілеу. Барлық абитуриенттер ана тілінде тапсырады.

• Уәждемелік хат. Кез келген деңгейдің орыс тілінде оқытылатын бағдарламасының абитуриенттері орыс тілінде ұсынуы қажет.

• Түйіндеме. Егер Балтық орталығының өкілдері абитуриенттен сұраса, ағылшын тілінде ұсыну қажет.

IELTS сертификатының бар болуы талап етілмейді, бірақ бакалавр бағдарламаларының абитуриенттері үшін жалпы ұпай кем дегенде 5.5 – 6.0 ұпай (таңдалған бағдарламаға қарай) және магистратура бағдарламаларының абитуриенттері үшін кем дегенде 6.0 – 6.5 ұпай (таңдалған бағдарламаға қарай) болатын шартпен, ағылшын тілі бойынша емтиханнан босатады.

Емтихандарда абитуриенттер қалам, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, транспортир, циркуль мен калькуляторды пайдалана алады.

*Емтиханда ұялы телефондар мен басқа құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады.

*Қабылдау емтихандарын өту Тегін.

Contact form