Гранттар

Гранттар

 

Шетелде оқу әрқашан өте қымбатқа түсетін, және оған әркімнің қолы жете бермейтін. Студенттердің көпшілігі келісімшарттың құнын көрген сәтте, шетелде оқу туралы ойынан бас тартуына тура келген!

Балтық орталығы Сізге шетелде тегін немесе тегін дерлік негізде білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат береді

Гранттар

Грант – оқуға кәсіпорыннан немесе университеттен берілетін қайтарылмайтын көмекқаржы. Университеттер мен ұйымдардың көпшілігі шетел студенттеріне арнап оқу және тұру шығындарын жартылай немесе толық жабатын оқу гранттарын ұсынады. Сізге тек қана өзіңіздің лайықты үміткер екендігіңізді дәлелдесеңіз болғаны. Біздің сайтта Латвиядағы, Литвадағы және Эстониядағы оқу гранттары бойынша ақпарат берілген, онымен сіз мына сілтемелер арқылы өту кезінде таныса аласыз:

Жеңілдіктер

Университетке түсе оотырып немесе оқып жүріп студент оқу ақысының жартысын жабатын жеңілдіктерді алуға өтінім бере алады. Жеңілдіктер 1 семестрге де, бүкіл оқу кезеңіне де беріледі. Жеңілдікке қол жеткізу үшін бірнеше белгілер қатарына сай болу қажет. Жеңілдіктер жақсы бағалар алғаны, спорттағы жетістіктері, университет шараларына белсенді қатысқаны және студенттік өзін-өзі басқару жұмысына араласқаны үшін берілуі мүмкін.

Жеңілдіктерді 3 университет береді:

  • “RISEBA” Рига Халықаралық Экономика және Басқару Жоғарғы Мектебінің жеңілдіктері;
  • “TSI” Көлік және Байланыс Институтының жеңілдіктері.
  • “Venta” Вентспилс Университетінің жеңілдіктері

Сонымен қатар Балтық орталығы арқылы оқуға түсу кезінде, Сіз келісімшарт бағасын төмендететін жеңілдік аласыз. Жеңілдіктер келесі жоо-ына беріледі:

Көлік және Байланыс Университеті;

Латвия Университеті;

Гедиминас атындағы Вильнюс Университеті;

Клайпед Мемлекеттік Колледжі.

Грантқа құжат тапсыру ережелері

Алдымен Балтық орталығы өкілдігінің қарауына өтініш беру қажет. Ұсынылған құжаттарды тексерген соң, өтінішті ресімдеуге қажетті құжаттар беріледі. Құжаттарды беру мерзімдері сіздің үміткерлік ететін шәкіртақы түріне байланысты болады. Осы күндерді анықтау үшін өкілдік қызметкерлерімен байланысуыңызды өтінеміз. Егер де сіздің еліңізде Балтық орталығы өкілдігі жоқ болса, сіз өтінішті admission@baltic-center.eu электронды поштасына жібере аласыз.

Өтінішті тіркеу үшін келесі құжаттарды екі данада жіберуіңізді өтінеміз:

  • Тіркеу сауалнамасы
  • Түйіндеме
  • Төлқұжат көшірмесі
  • Магистранттар мынаны жіберуі тиіс: орта білімі туралы дипломның нотариалды расталған көшірмесін, бакалавр транскрипциясын және дипломын (егер бакалавр дәрежесін аяқтаған болса). Құжаттар ағылшын тілінде болуы тиіс. Егер құжат түпнұсқасы басқа тілде болса, нотариалды расталған аудармасы қажет. Таңдап алынған университеттің тіркеу жарнасының төлемі.
  • Құжаттарды тексергеннен кейін Балтық орталығында ағылшын тілінен тегін емтихан тапсыруы тиіс (егер сізде IELTS, TOEFL сертификаты болса – түпнұсқасын көрсету немесе көшірмесін жіберу қажет).

Сонымен қатар жоо-на қабылдану үшін қалған қажетті емтихандарды тапсыру қажет. Құжаттарды алғаннан кейін және емтихандардан оң нәтижеге қол жеткізген соң студенттер қатарына қабылданғандығы туралы хат жіберіледі.

Contact form